» » 100 қадам: Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз

100 қадам: Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз

100 нақты қадамның 65-қадамы бойынша, Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау ұсынылды. Осы орайда "Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз" жөніндегі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі екі бағыт бойынша, яғни, бірінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді. Екінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теңізі мен Әзірбайжан, содан соң Грузия арқылы барады.

Жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Бірінші – ұлттық заңнамалық жағдай жасау, екінші – халықаралық құқықтық жағдайлар жасау, үшінші – инфрақұрылымдық даму. Ұлттық заңнамалық жағдай жасау бағыты бойынша, жол-көлік инфрақұрылым, көліктік логистика және авиатасымалдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 12 заңына түзетулер енгізілді. Заңға "аралас тасымал" түсінігі енгізіліп, аралас тасымалдар кезіндегі әрекеттердің негізгі ережелері орнатылды. Сонымен қатар, қазақстандық ту астындағы тіркелген отандық кеме иелері мен кеме жүзетін ұйымдар корпоротивті табыс салығынан босатылды. Қазіргі кезде жүкті контейнермен тасымалдау – келешегі бар тасымалдардың бірі. Бірінші бағыт бойынша контейнерлік тасымалдың әр жыл сайын екі есеге артып келуін байқауға болады. Ұлттық көлік жүйелерінің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында құрылған Біріккен көліктік-логистикалық компания (БКЛК) осы бағытта жұмыс істеуде. Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша 15 халықаралық бағыттарда Қытайдық және Еуропаның негізгі жүк ағындары шоғырланған жерлерден контейнерлік желілер ашылғандықтан, көлік-логистикалық сервис енгізілді. Халықаралық құқықтық жағдайлар жасау бағыты бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Көлік дәліздерін тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесетін 7 Үкіметаралық келісімдерге қосылу жұмыстары жалғасып жатыр. Екінші бағыт бойынша Үйлестіруші комитет (Қытай, Түркия), "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі туралы келісім және ТРАСЕКА халықаралық дәлізі (Грузия, Әзірбайжан, Түркия) шеңберінде жүзеге асырылуда. Үйлестіруші комитет Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Украина және Түркия маршруты бойынша құрылды (Транскаспий халықаралық көлік маршруты – ТХКМ), сондай-ақ 2017 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасында "Транскаспилік халықаралық көлік бағыты" заңды тұлғалар бірлестігі тіркелген, оның қызметі ТХКМ-ге транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тарту, сондай-ақ ТХКМ бағыты бойынша біріктірілген логистикалық өнімдерді дамытуға бағытталған. Инфрақұрылымдық даму бағыты бойынша, "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ көліктік-логистикалық инфрақұрылымды Қазақстан аймақтарында көлік-логистика орталықтарын құру, Ляньюнган (ШЫҰ, Қытай), Бандер-Аббас (Иран), Клайпеда (Литва), Мундра (Үндістан) теңіз және құрғақ порттарында терминалдар құрылысы (сатып алу), "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ порт құрылысы арқылы дамытылуда. Бүгінгі күні  "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ порттың бірінші кезегі пайдалануға берілді, Жезқазған-Саксаульская теміржол желісінің учаскесі тұрақты пайдалануға қабылданды, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы аяқталды. 2017 жылдың желтоқсан айында Индустрияландыру күніне орай, Шымкент қаласында көлік-логистика орталығының бірінші кезегі пайдалануға берілді. Осылайша, 2017 жылда контейнерлерді Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша тасымалдау 201 мың контейнерді құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда  92%-ға артық (104,5 мың контейнер) болып келеді. Қытай мен Батыс Еуропаның көлік жүйелерін бір жолға Еуразиялық трансқұрылықтық дәліз біріктіреді. Ол арқылы көршілес елдердегі шекарада кездесетін кедергілер барынша азая түспек.
massaget.kz

26 қыркүйек 2018 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031