Құрылтай
» » ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАСТЫ НАЗАРДА

ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Қызылорда қаласында инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС-нің өтінішіне сәйкес департаменттің бастамасымен «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратында орналасқан «Рrotecting business and investments» жобасының фронт-офисінде құзырлы органдардың қатысуымен кездесу өтті.Кездесу барысында инвесторлар Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Ақылды қала» (Smart city) жобасына шамамен 3 млрд. 600 млн. теңге қаражатқа 3200 бейнекамераларды орнату бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатқанын және ол бойынша бейнекамералар орнатылатын орындарда электр, телекоммуникация жүйелеріне байланысты уәкілетті органдармен келіссөз орнатқысы келетінін жеткізді.
Жиын қорытындысымен уәкілетті органдар «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС-не заң талаптарына сәйкес тиісті көмек беретіндіктерін жеткізіп, аталған мәселе бойынша барлығы ортақ келісімге келді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің басшысы А.Мұхимов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Тленов, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ж.Оспанов, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары А.Жаналиева, «Қазақтелеком» АҚ-ның «Оңтүстік телекоммуникациялар дирекциясының» Қызылорда облысы бойынша бөлімшесінің бөлім басшысы Н.Керейтбаев және «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС бас директорының корпоративті бизнес жөніндегі орынбасары Чжао Хунбинь, бас менеджері Д.Сатыбалды қатысты.
syr-media.kz


20 қыркүйек 2018 ж. 952 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31