» » СЫР ӨҢІРІНДЕ МЕМЛЕКТТІК ГРАНТ ИЕЛЕНУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ МЕМЛЕКТТІК ГРАНТ ИЕЛЕНУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

Қызылордада «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім» бағытындағы аймақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Президенттің үшінші бастамасы бойынша «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру» бағытындағы жұмыстар жан-жақты пысықталды.Жалпы, облыс бойынша биыл 7112 түлек мектепті аяқтаған. Олардың 4742-і ҰБТ-ға қатысып, 57,6 пайызы мемлекеттік грант иеленген. Грант иегерлері саны өткен жылмен салыстырғанда 509-ға артқан. Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова хабарлама жасап осы бағыттағы нәтижелі көрсеткіштерді атап өтті.
– Билығы түлектердің ҰБТ-ға қатысу пайызы 66,6%. Орташа балл 85,82 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 балға өсіп отыр. 2733 бітіруші мемлекеттік гранд иеленді. Оның ішінде 823-і «Серпін» бағдарламасы бойынша.Талапкерлердің 45,2 пайызы техникалық, 25,4 пайызы педагогикалық, 7,5 пайызы медициналық, 10,3 пайызы ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдаса, 11,3 пайызы басқа салалардың үлесінде. Жалпы облыс бойынша 6889 түлек жоғары және арнаулы оқу орындарына оқуға түсті, - деді басқарма басшысы.
Жиында мемлекеттік білім беру тапсырысының орныдалысы төңірегінде жоғарғы оқу орындары мамандары да хабарлама жасады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Абзал Шегенбаевтың айтуынша 18-26 шілде аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлерден мемлекеттік білім беру гранты конкурсына 3651 талапкер қатысып, 2485 мемлекеттік білім беру тапсырысы иегерлері атанған. Олардың 248-і Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті мамандықтарын тандаған.
Өңірде сондай-ақ мектеп түлектерінің ең үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алуына зор мүмкіндік жасалған.
Қызылорданың 452 білімді жасы Ресей Үкіметінің грантымен Мәскеу және Санкт-Петербургтің үздік техникалық ЖОО-да білім алуда. Онан бөлек жыл сайын ауылдық жерлердегі көп балалы және аз қамтылған отбасылары балаларына облыс әкімінің арнайы 100 гранты бөлінеді. Биылдан бастап бұл гранттың саны 200-ге жеткен. Олардың 70% ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға арналған.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың Парламентаралық Ассамблеясына қарасты университетпен Меморандумға қол қойылып, өңірдегі үздік мектеп түлектеріне жыл сайын 10 білім беру грантын бөлу туралы келісімге қол жеткізілген.
Осындай жақсы жаңалықтармен отырысты қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев «Білім» бағытындағы комиссияның жұмысына оң бағасын беріп, ендігі жерде олардың сапалы білім алуына бақылау жасау қажеттігін алға тартты.
syr-media.kz

17 қыркүйек 2018 ж. 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 183

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930