» » ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы өзгертілді

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы өзгертілді

Эталон орталығында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті басшысы Арман Шаққалиевтің төрағалығымен Ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
Оған Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК басшылығы да қатысты.
Отырыста «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды.
Оған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде «Қазақстан» сөзін латын графикасымен «QAZAQSTAN» етіп өзгерту, сондай-ақ ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды.
Бұдан тыс, Мемлекеттік Елтаңбаның элементтері мен тарихын сипаттауға әдістемелік құралдарға сілтеме, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков жасаған конструкторлық құжаттама қосылды.
Өзгерістерді енгізу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы және өндірушілердің қатысуымен бірқатар отырыстар өткізілді.
Еске сала кетейік, өзгерістерді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес, арнайы жасақталған Жұмыс тобы әзірлеген.
www.inform.kz
13 қыркүйек 2018 ж. 1 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 118

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930