Құрылтай
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері шалғай ауылдарды аралап жергілікті тұрғындармен, шаруа қожалықтарымен кездесті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалиннің Қармақшы ауданынына жұмыс сапары барысында Тұрмағамбет, Дүр Оңғар ауылдарында болды.
Департамент директоры А.Бердалин Тұрмағамбет ауылында күріштік басында болып, шаруашылық басшыларымен кездесті.
Агенттік өкілдері жергілікті қауымдастық өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесуде әрбір азамат «Фейсбук» әлеуметтік желісі және «Телеграмм» мессенджері арқылы тікелей Агенттік төрағасы А.Шпекбаевқа сұрағын қойып, өтініш қалдыра алатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, аудан орталығы Жосалы кентіндегі арнайы мониторингтік топ мүшелері және мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, кәсіби мемлекеттік аппарат құру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікірлесті. Соңында қойылған сауалдарға жауап берді.

12 қыркүйек 2018 ж. 1 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 657
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31