» » Елімізде IT-лицейлер ашылуы мүмкін

Елімізде IT-лицейлер ашылуы мүмкін


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада өткен баспасөз мәсілихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл «Информатика» пәні 3-ші кластан басталады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында информатика сабағы келесі жылдан 1-2-ші кластарда енгізіледі. Олардың бағдарламалары дайындалуда" - дейді министр.
Оның айтуына қарағанда, цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып келеді.
"Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілді, еңді мұғалімдер оны тиімді пайдалана білуі қажет. Министрлік ұсынысымен жаңа оқу жылынан бастап әр балаға жеке логин беріледі. Енді цифрлық ресурстар үйде де, мектепте де бәріне тегін қолжетімді болады" - дейді Ерлан Сағадиев.
Сонымен қатар, министр электронды құжаттарды кең жолақты Интернеті жоқ мектептерде ғана қағаз түрінде толтыруға рұқсат берілетіндігін айтты.
Ерлан Сағадиев алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде IT-лицейлерін ашу жоспарланып отырғандығын айтты.
"Цифрландыру, яғни IT технологиялар мен робото-техниканы дамыту үшін қосымша білім берудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Жергілікті атқарушы органдар робото-техника, бағдарламалау, 3D-принтинг кластарын ашуда. Қазіргі уақытта бір жарым мың (1500) мектепте осындай кластар бар. Әрі қарай Сонымен қатар барлық өңірлерде IT-лицейлерін ашу жоспарлануда. Ол үшін біз тиісті нормативті дайындап бердік" - деді ол.

Baq.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 719
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31