» » «Болашақ» стипендиясы 128 үміткерге тағайындалды

«Болашақ» стипендиясы 128 үміткерге тағайындалды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Г.Әбдіқалықова биыл 25 жылдығын атап өтетін «Болашақ» бағдарламасы жоғары білікті мамандар дайындау ісіне маңызды үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ширек ғасыр ішінде 13 мыңға жуық стипендия бөлініп, еліміздің түрлі саласында сапалы жұмыс істеп жүрген 10 мыңнан аса білікті кадрлар даярланды. «Жақында Назарбаев Университеті осы бағдарлама бойынша зерттеу жүргізді. Осы орайда бағдарламаның оң нәтиже беріп отырғаны аталып өтті», - деді Мемлекеттік хатшы. Мәселен, бағдарламаның кардиохирургия саласының түлектерімен 32 мыңнан астам тегін ота жасалды. Бір отаның орташа құны 300 мыңнан 10 млн теңгеге дейін өзгеріп отырады. Айта кетейік, отырыс барысында Білім және ғылым министрлігі Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет берді. Комиссия шешімімен стипендия магистратурада, докторантурада оқитын, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілген 128 үміткерге тағайындалды. Отырыс қортындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тиімді іске асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

23 тамыз 2018 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728