» » Енді мектеп директорлары төрт жыл сайын сайланып отырады

Енді мектеп директорлары төрт жыл сайын сайланып отырады

Мектеп директорларын тағайындау ережесі өзгерді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мектеп директорларының кәсіби деңгейін көтеру мәселесіне баса назар аударылады. Осыған байланысты директорларды тағайындау қағидалары өзгерді.“Жаңа қағидаларға сәйкес үміткер төрт этаптан тұратын конкурстан өтеді. Біріншіден, мектептің қамқоршылық кеңесінен өту керек. Одан кейін заңнама тесті, облыстық білім басқармасының келісуі, аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі сұхбат бар. Мектеп директоры тек төрт жылға тағайындалады. Әрі қарай жұмыс істеймін десе, конкурстан қайта өту мүмкіндігі бар”, – деді Ерлан Сағадиев Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде.
Айта кетейік, мектептің қамқоршылық кеңесіне әкімдік өкілдері, мектеп басшылығы, демеушілер, мектеп түлектері, ата-аналар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта қамқоршылық кеңестердің белсенділігін көтеру көзделген. Сонда қоғам, ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар жергілікті деңгейде шешілетін болады.
baribar.kz
19 тамыз 2018 ж. 1 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 535

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930