» » Қазақстандықтар аяғына протез қажет болған аруға 50 мың еуро жинап берді

Қазақстандықтар аяғына протез қажет болған аруға 50 мың еуро жинап берді

Алматы тұрғыны осыдан екі жыл бұрын аса ауыр дерт салдарынан аяғынан айырылып қалған болатын. Алайда, кәсіби неміс дәрігерлері Надира Аухадиева үшін арнайы заманауи протез жасап шығарып, бойжеткеннің бұрынғы өмірін қайтарып берді деп жазады Астана телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: instagram.com/aukhadiyeva
Надира бүгінде қайтадан жүруді үйреніп жатыр. Өйткені екі жыл ішінде оның аяғы физикалық ауыртпалықтарды ұмытып та қалған.
Бойжеткенге аяғын кесіп тастау керектігін айтқанда ол, қиын жағдайға қарамастан мойынсұнбай мәселені шешу жолдарын қарастыруға кірісті.
Ол қазақстандықтардан көмек сұрап, әрбір ел азаматынан өз еміне төрт теңгеден өткізуін өтінген. Надираның ауыр жағдайын естігендер оған белсенді түрде көмек қолын соза бастады.
Онығ емдік шараларына қажетті қаржыны жинауға өзге ел азаматтары да атсалысқан. Нәтижесінде көптің көмегімен 51 мың еуро қаржы жиналды.
Неміс дәрігерлері ол үшін арнайы заманауи протез жасап шығарды. Енді Надира жүруді қайтадан асынан үйреніп жүр.
Жасалған отадан кейін оның қалыпқа келуіне 6-8 ай керек болғанына қарамастан, ару қазірдің өзінде өзіне жұмыс іздеп болашаққа жоспар құруда.
18 тамыз 2018 ж. 1 087 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930