» » СҮЛІК САЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

СҮЛІК САЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

Бір қарағанда тұрқы шағын, жиіркенішті көрінетін сүліктің көптеген ауруға ем екенін білесіз бе? Оны адам денесінің биологиялық нүктелеріне қоя білсең – одан асқан емші жоқ. Тістеген жерінен айрылмайтын «емші ханшайымнан» 100-ден аса емдік фермент бөлініп, ол науқастың ауруынан құлан таза сауығып кетуіне септігі зор. Сүлік салдыру – шығыс медицинасында «герудотерапия» деген атаумен белгілі.
Арнайы маманның айтуына қарағанда, сүлік – барлық ауру түріне ем. Сілекейі арқылы ағзаға шипалы ем жіберіп, денедегі қанды сыртқа алып шығатын қасиетке ие. Ол жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ, қалқанша, сүт безі, жүрек-қан тамыры, бас, көз, буын ауруы және геморрой, псориаз, экзема, қан қысымы сынды дертке де жақсы әсері бар. Бір айтарлығы, бұл ғажаппен әйелдердің гинекологиялық, ерлердің простатит, аденома ауруын емдеуге болады. Бала сүйе алмай жүрген келіншектерге де көмегі орасан.
Ғылым мен технологияның дамыған заманында герудотерапия әдісі де қарыштап алға басуда. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген аймағында сүлік салу орталығы, түрлі клиника ашылып, жұмыс істеуде. Кәсіп көзі дегенімізбен – қайсыбір емдеу орталығына келдің екен деп, бірден сүлік салына салмайды. Науқас алдын ала дәрігерлік қаралудан өтіп, оның қан құрамы жан-жақты тексеріледі. Адам ағзасы сүлік салу шартына сай болғанда ғана тәсіл қолданылады. Емнен соң денедегі жаралар тез жазылып, қан құрамы мен айналымы жақсарады.
– Сүлік салудың арнайы мезгілі бар деп айта алмаймын. Дегенмен, емді жылы маусымда жүргізген тиімді. Емнен соң адам көп терлейді. Суықта салдыру – күтімді қажет етеді. Салқындап қалса – емнің әсері көрінбеуі мүмкін. Сүліктен кейін буындар босап, дене балбырайды. Сол үшін жылы уақытты таңдаған абзал. Киініп, күтінуге қолайлы. Медициналық сүлік Алматыда өсіріледі. Бір рет пайдаланылған жәндік екінші адамға салынбайды. Өлтіріледі. Бұл жеке бас гигиенасы үшін жасалады. Сәндікке сүлік салдыратындар да кездеседі. Әдетте, бетке кішкентайлары қойылады. Майда қан тамырын жандандырып, қанды жүргізеді. Әжімді азайтып, беттегі дақты кетіреді. Безеуі, бөртпесі бар бетке де – сүлік салу шипалы. Жалпы ауру қанның қоюланғанынан пайда болады. Бізде жүрек-қан тамыры, буын, бас ауруымен ауыратындар баршылық. Омыртқа жарығы, тізеге тұз байлану кезінде де ем-дом жасалады. Ата-бабамыз арқа сүйеген шығыс және халық медицинасында – уқалау, ине салу, қан алу және адам ағзасының маңызды нүктелеріне сүлік салу әдісі жақсы нәтиже берген. Жас қосылған сайын адам әлсірей бастайды. Зат алмасуы баяулайды. Сондықтан әрбір адам жылына бір мәрте ағзасын қалдықтардан тазалап тұруы қажет. Бір ай шамасында қуырылған тамақтан бас тартып, газдалған сусын, тез дайындалатын және ащы тағамнан өзін тыйғаны дұрыс болар еді. Ішімдік пен шылым шегу де – денсаулықтың қас жауы, – дейді дәрігер Ұрхия Тұрмағанбетова.
ТҮЙІН
Әлемнің сән, өнер жұлдыздары да беттегі әжімін тегістеп, тәнін жасартуға сүлік терапиясын кеңінен пайдаланады. Ондай сәнбикелер өзімізден де табылады. Бірақ бұл – сүлікті елдің бәрі жаппай қолданады деген сөз емес, әрине. Сүлік салдырмақ тұрсын, оның түрінен қорқып, шошитын да бар. Қазекем: «Адам – итжанды» дегенді неге айтты? «Басқа түссе – баспақшыл» дейтіні тағы бар. Басыңа түссе – бәріне көнесің. Асылы, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегенге не жетсін.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
24 шілде 2018 ж. 10 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031