«КҮЗГІ АСАР» ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде 6–8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Күзгі асар» жәрмеңкесі өз мәресіне жетті.
Жәрмеңкеге белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеті мен іскерлігін танытқан сыныптар үздіктер қатарынан көрінді.
МАРАПАТ ИЕГЕРЛЕРІ:
Бас жүлде – 8 «В» сыныбы
І орын – 6 «В» сыныбы
ІІ орын – 7 «Д», 8 «Д» сыныптары
ІІІ орын – 7 «Б», 8 «Г» сыныптары
Қалған сыныптар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Барлық қатысушы сыныптарды шын жүректен құттықтаймыз! Жәрмеңке барысында оқушылар өздерінің ұйымшылдығын, шығармашылығын, еңбекқорлығы мен белсенділігін көрсете білді.
Осындай игі шараларға атсалысқан оқушыларға, сынып жетекшілеріне және ата-аналарға алғыс білдіреміз!
Еңбекпен келген жетістік – әрқашан бағалы!















