» » Ипотекаға алынған пәтерді жалға беруге бола ма?

Ипотекаға алынған пәтерді жалға беруге бола ма?

Ипотекаға сатып алынған пәтерді жалға беруге болады. Алайда тұрғын үй банк кепілінде тұрғандықтан, меншік иесі несие және кепіл шарттарында көрсетілген талаптарды сақтауы тиіс. Кей жағдайда пәтерді жалға беру үшін банктің алдын ала келісімін алу қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Азаматтық кодексінің 315-бабының 2-тармағына сәйкес, кепілге қойылған мүлікті кепіл ұстаушының келісімімен ғана жалға беруге болады, егер заңда немесе шартта өзгеше тәртіп көзделмесе.
Бұл ретте пәтер иесі кепіл беруші, ал тұрғын үйді кепілге қабылдаған банк кепіл ұстаушы болып саналады.

Банк рұқсатын алу міндетті ме?

Бұл мәселе ипотекалық шарттың талаптарына байланысты. Келісімде мынадай талаптардың бірі көрсетілуі мүмкін:
  • пәтерді жалға беруге тыйым салынады;
  • тұрғын үйді жалға беру үшін банктің келісімі қажет;
  • пәтерді банкке қосымша рұқсат сұрамай-ақ жалға беруге болады.
Егер келісімде жалға беруге қатысты нақты тыйым немесе талап көрсетілмесе де, бұл банктің рұқсатынсыз әрекет етуге болады дегенді білдірмейді. Сондықтан тұрғын үйді жалға бермес бұрын банкке хабарласып, шарт талаптарын нақтылаған жөн.

Банктен рұқсатты қалай алуға болады?

Ол үшін банк бөлімшесіне барып, еркін нысанда өтініш жазу қажет. Өтініште жеке деректеріңізді, несие және кепіл шарттарының нөмірлерін көрсету керек. Кейбір банктер мұндай келісімді мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Банк өтінішті қарастырып, 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жазбаша рұқсат немесе дәлелді бас тарту жауабын береді.

Банктің келісімінсіз жалға берсе не болады?

Егер ипотекалық шартта банктің келісімін алу міндеттелсе, ал меншік иесі бұл талапты орындамаса, ол кепіл шартының талаптарын бұзған болып есептелуі мүмкін.
Мұндай жағдайда банк келісімде көзделген айыппұл салуға құқылы. Мысалы, айыппұл мөлшері кепілдегі мүлік құнының 1-2 пайызы болуы мүмкін. Нақты сомасы мен қолдану тәртібі жасалған шартта көрсетілуге тиіс.
Сондықтан ипотекадағы пәтерді жалға беруді жоспарлаған меншік иесі алдымен несие және кепіл шарттарын мұқият оқып, банкпен келісу тәртібін анықтап алғаны дұрыс.
06 қараша 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30