» » Елімізде электр энергиясының тарифі 10-12%-ға қымбаттауы мүмкін

Елімізде электр энергиясының тарифі 10-12%-ға қымбаттауы мүмкін


Қазақстанда 2027 жылы электр энергиясының тарифін тағы бір рет көтеру жоспарлануы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, өсім 10-12% болады. Мұндай болжамды «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Жақып Хайрушев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның сөзінше, 2026 жылдың күзінде энергия өндіруші ұйымдар шекті тарифтерді қайта қараған. Электр станциясы мен тұтынушылар санатына қарай өсім 10%-дан 100%-дан астам болған. Алайда халық үшін тарифтің нақты өсуі әлдеқайда төмен болды.
Сарапшының болжамынша, 2027 жылы тарифтер «инфляция плюс» қағидаты бойынша қайта қаралуы мүмкін. Энергия өндіруші ұйымдар қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін анықтап, көктемде тарифті көтеру туралы өтінім береді. Ал бағаның өсуі күзде болуы ықтимал.
Хайрушев тарифті қайта қарауға жабдықтар, қосалқы бөлшектер, материалдар мен жөндеу жұмыстарының қымбаттауы, сондай-ақ қызметкерлер жалақысына жұмсалатын шығынның артуы себеп екенін түсіндірді.
Оның айтуынша, электр станциялары жөндеу жұмыстарын көбіне қарыз қаражаты есебінен жүргізеді. Бұл шығындар да кейін тарифті есептеу кезінде ескеріледі.
Сарапшы электр энергиясы мен жылу бағасының өсуін инфляцияның негізгі себебі деп санау дұрыс емес екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанның көптеген қаласында пәтер жалдау құны бір айға жетпейтін уақыт ішінде өсті. 18 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында баспананың жалдау ақысы әсіресе үш бөлмелі пәтерлер бойынша айтарлықтай қымбаттаған.
05 қараша 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 260
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30