» » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - ЖАСТАР ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - ЖАСТАР ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Ел болашағының берік болуы білімді, бәсекеге қабілетті әрі белсенді жас ұрпақ қалыптастырумен тығыз байланысты. Сондықтан, жастарға сапалы білім беру, олардың шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, қоғам өміріне араласуына қолайлы орта қалыптастыру - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы мәселелер мен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді Сыр өңірінде жүзеге асыру барысы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында талқыланды. Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Уәлихан Ибраев және Қызылорда қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Медет Жорабек қатысты.

- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында білім беру мен ғылымды дамыту, заманауи мамандар даярлау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп құрылған Жасанды интеллект институтында 345 студент киберқауіпсіздік, ақпараттық жүйелер және деректерді басқару бағыттары бойынша білім алуда. Сонымен қатар, университет ғалымдары Арал өңірінің тұзданған топырағында дәндік құмай сорттарын сынау бойынша гранттық жобаны жүзеге асыруда. 2026-2027 оқу жылына дарынды жастарға 125 ішкі білім гранты бөлініп, студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында 22 жастар ұйымы жұмыс істейді ,- деді Уәлихан Серікұлы.

Спикер университеттің алдағы уақытта да білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және жастардың әлеуетін қолдау арқылы өңірдің интеллектуалдық дамуына үлес қоса беретінін атап өтті.

- Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру, ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау бастамасы, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қоғам өміріне енгізу бағыттары сөз болды. Бұл бастамалар ел экономикасын жаңғыртумен қатар, жастардың кәсіби қалыптасуына, сапалы білім алуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Әсіресе, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, лудомания мен интернет-алаяқтықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Осы ретте мемлекеттік қолдау мен жасалып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, әрбір жас азаматтың адал еңбек етіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет ,- деді Медет Ерданаұлы.

Спикердің айтуынша, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда жастардың белсенділігі, азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігі айрықша маңызға ие. Ал, жастарды білімге, еңбекке, спорт пен қоғамдық бастамаларға тарту - өңірдің тұрақты дамуына қосылатын маңызды үлес.
05 қараша 2026 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 260
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30