» » Жыл басынан бері 130 мың адамға көбейді: Қазақстан халқы қаншалық жылдам өсіп жатыр?

Жыл басынан бері 130 мың адамға көбейді: Қазақстан халқы қаншалық жылдам өсіп жатыр?

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы дерек жариялады. Жаңартылған мәліметке сәйкес ел халқының саны 20 633 529 адамға жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
1 қыркүйекпен салыстырғанда Қазақстан халқы 14 733 адамға көбейді.
Қай қалалар мен өңірлерде халық көп тұрады?
Алматы халық ең тығыз қоныстанған өңір болып қала береді. 1 қазандағы жағдай бойынша қалада 2 392 105 адам тұрады. Екінші орында 2 141 409 тұрғыны бар Түркістан облысы тұр.
Сондай-ақ, мына өңірлер мен қалаларда тұрғындар саны миллионнан асады:
Астана - 1 707 150 адам;
Алматы облысы - 1 618 422 адам;
Шымкент - 1 320 743 адам;
Жамбыл облысы - 1 209 574 адам;
Қарағанды облысы - 1 130 336 адам.
Ең аз тұрғын Ұлытау облысында тіркелген: 217 046 адам. Солтүстік Қазақстан облысында 510 181 адам, Абай облысында 590 160 адам тұрады.

2026 жылғы 1 қазандағы Қазақстан халқының саны / Ұлттық статистика бюросының дерегі
Жыл басынан бері халық саны 20 өңір мен республикалық маңызы бар қаланың тек 8-інде өсті: Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында. Қалған 12 өңірде халық саны азайған.
Астана қаласында халық саны бәрінен жылдам өсті: жыл басынан бері елордада тұрғындар саны 67 974 адамға көбейді.
Жыл басынан бері Қазақстан халқының жалпы өсімі - 133 707 адам. Оның ішінде 128 303-і табиғи өсім есебінен болса, тағы 5 404 адам көші-қонның оң сальдосы есебінен қосылды.
Қала халқы саны 169 048 адамға артып, 13 254 158-ге жетті. Ауылдық жерлерде керісінше тұрғындар саны 35 341 адамға азайды. 1 қазандағы жағдай бойынша ауылдарда 7 379 371 адам тұрады.
1 қыркүйектегі жағдаймен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
02 қараша 2026 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30