» » Қазақстан азаматтарына төрт елге паспортсыз саяхаттау мүмкіндігі берілмек

Қазақстан азаматтарына төрт елге паспортсыз саяхаттау мүмкіндігі берілмек

Қазақстан азаматтары Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерге жеке куәлікпен саяхаттау мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Мұндай бастаманы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мирзиёев Анкарада өткен саммитте бес мемлекет арасында азаматтардың өзара сапарын жеңілдететін көпжақты келісім әзірлеуді ұсынды.
«Азаматтарымыздың өмірін жеңілдету үшін өзара сапарлар туралы көпжақты келісім әзірлеуді ұсынамыз. Онда жеке куәлік негізінде сапарлау мүмкіндігін кеңейту, шекарадан өту және қабылдаушы мемлекет аумағында болу тәртібін жеңілдету қарастырылуы қажет», деді Өзбекстан президенті.
Бұл бастама ұйымға мүше бес елге – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркияға қатысты болып отыр. Жаңа тәртіптің күшіне енуі үшін бес ел келісім талаптарын мақұлдап, тиісті құжатқа қол қоюы қажет.
Қазір ел азаматтары Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішінде Қырғызстанға ғана жеке куәлікпен бара алады. Ал Түркия, Өзбекстан мен Әзербайжанға бару үшін шетелдік паспорт қажет. Бұл мемлекеттермен Қазақстан арасында визасыз режим қалыптасқан.

Бұған дейін, қыркүйекте Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмүралиев бес ел арасында жеке куәлікпен өзара сапарлау мүмкіндігін енгізу жұмысы басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, Әзербайжан мен Түркия азаматтары қазірдің өзінде екі ел арасында жеке куәлікпен қатынай алады. Енді осы тәжірибені Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға да тарату жоспарланып отыр.



Сурет: forbes.kz
02 қараша 2026 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30