+20 градус жылы: алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?
Қазақстанда 27–29 қазан аралығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. «Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері ел аумағындағы ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түнде еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Ал күндіз солтүстік пен шығыста ауа температурасы +5…+10 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс өңірлерде күн +15…+20 градусқа дейін жылынса, оңтүстікте ауа температурасы +12…+17 градус болады.














