» » IQanat рекорды: 67 мыңнан астам ауыл баласы Олимпиадаға қатысады

IQanat рекорды: 67 мыңнан астам ауыл баласы Олимпиадаға қатысады


Қазақстанның 2700 ауылынан 67 мыңнан астам 8-сынып оқуышысы республикалық IQanat Олимпиадасына тіркелді. Бұл жоба тарихындағы рекордтық қатысушылар саны. Өткен жылы 64 мың қатысушы болған.
Енді оқшылар IQanat мектеп-пансионатында тегін білім алуға немесе Қазақстанның, әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге үш жылдық білім беру сүйемелдеуін алу үшін бәсекеде бақ сынасады.
Еліміз бойынша IQanat Олимпиадасының І кезеңі басталды. Жобаның басты мақсаты - ауыл балаларының тұрғылықты жері мен отбасының қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан, сапалы білім алуын қолжетімді ету.

Олимпиада үш кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде сегізінші сынып оқушылары математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау және қазақ тілі бойынша тест тапсырады. Екінші кезеңде оларды тереңдетілген пәндік тапсырмалар күтеді.
Екі кезеңнің нәтижесі бойынша 1000 финалист анықталып, олар қорытынды кезеңге өтеді. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады, мұнда тұрып, білім алады, халықаралық үздік бағдарламалар бойынша тереңдетілген академиялық дайындықтан өтеді.

Қалған финалистерге де өз болашағын өзгертуге мүмкіндік беріледі. Олар үшін үш жылдық тегін IQanat Intensive Program (IQIP) бағдарламасы бар, мұнда ағылшын тілін жетілдіру, ҰБТ-ға және халықаралық емтихандарға дайындық, кәсіптік бағдарлау, менторлық және жоғары оқу орындарына түсуге көмек қарастырылған.
Жоба нәтижелері де ауыз толтырып айтарлықтай. Бүгін IQanat бағдарламасын бітірген түлектердің 94%-ға дейіні университеттерге грантпен оқуға түсуде, ал жоба түлектері әлемнің 20 елінде білім алуда.
Олимпиаданың артында 260-тан астам кәсіпкерді бір мақсатқа жұмылдырған қауымдастық бар, олар ауыл балалары үшін бұрын қолжетімсіз болған мүмкіндіктерге жол ашуда.

67 мыңнан астам қатысушы үшін бұл Олимпиада олар бұрын тек армандаған білімге алғашқы қадам болуы мүмкін.
27 қазан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 160
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031