» » Қызылорда облысының 4 000 ауыл оқушысы IQanat олимпиадасында бақ сынамақ

Қызылорда облысының 4 000 ауыл оқушысы IQanat олимпиадасында бақ сынамақ


28 қазанда Қызылорда облысында республикалық IQanat Олимпиадасының І туры басталып, оған өңірдегі ауыл мектептерінің 4 мыңнан астам баласы қатысады.
IQanat Олимпиадасының І туры ең ынталы оқушыларды іріктеуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар олардың математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға бағытталған ынталандыру кездесулері болады.
Бүкіл республика бойынша қатысушылардың саны 63 мыңнан астам. 3 турдан өткен Олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы IQanat мектеп-пасионатына тегін оқуға түседі немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына тегін қабылданады. Оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді, оған қоса, олардың жетістіктері бағаланып, ұдайы ынталандырылады.
Жүйелі академиялық қолдаудың арқасында IQanat бағдарламасының қатысушыларының 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грантпен оқуға түседі. Бүгінде IQanat түлектері әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.
IQanat – әлеуметтік-білім беру жобасы. Оған қазақстандық 240 кәсіпкер қолдау көрсетеді. Қызылорда облысының қамқоршысы – Еркин Длимбетов. Өңірдің аудандық және дербес қамқоршылары: Бағдат Қайырбекұлы, Рамиль Мухоряпов, Токтарбай Жаксылыков, Бауыржан Турматов, Галымбек Каратаев, Галия Нурбекова, Самат Қармыс және Серик Тулебаев. Олимпиаданы ұйымдастыру арқылы IQanat Қазақстан ауылдарындағы талантты балалардың білім алу жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға ұмтылады.
20 қазан 2025 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 900
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930