19 қазанда қай өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді?
19 қазанда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Астана, Қарағанды және Семей қалаларында тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана мен Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Елордада түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +13…+15°C болады. Желдің жылдамдығы түнде секундына 2–7 метр, күндіз 9–14 метрге жетеді. Алматыда түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C болжанады. Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с.
Шымкентте жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +7…+9°C, күндіз +22…+24°C болады. Желдің жылдамдығы – 8–13 м/с.
Ақтау мен Атырауда күн ашық болады. Ақтауда түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C, ал Атырауда түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C күтіледі.
Ақтөбе мен Жезқазғанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Ақтөбеде түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C, Жезқазғанда түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C болады.
Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C шамасында болады.
Көкшетау мен Қостанайда күндіз жаңбыр жауады. Көкшетауда желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C болады. Қостанайда түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C күтіледі. Күндіз желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қонаевта жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде 0…+2°C, күндіз +15…+17°C болады. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Қызылордада түнде +4…+6°C, күндіз +20…+22°C күтіледі. Жауын-шашын болмайды.
Павлодарда түнде +3…+5°C, күндіз +11…+16°C болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Оның екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C болады.
Семейде тұман түседі. Түнде ауа температурасы -1…-3°C-қа дейін төмендеп, күндіз +10…+12°C болады.
Талдықорғанда түнде -3…-5°C аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы +14…+16°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болжанбайды.
Таразда түнде +1…+3°C, күндіз +15…+17°C болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Түркістанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C күтіледі.
Оралда күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C болады.
Өскеменде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C болады.
















