ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА АЙТЫЛҒАН ӘРБІР МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімі Жандос Еркінбек азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Аудан тұрғындары тарапынан көтерілген негізгі мәселелер қатарында тұрғын үй, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік саласы, жарықтандыру, көшелерді жөндеу сынды сұрақтар болды.
Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді.
Айтылған мәселелер бақылауда болатынын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

















