» » ЖАҢАША БАСТАМА, ЗАМАНАУИ ТӘЖІРИБЕ

ЖАҢАША БАСТАМА, ЗАМАНАУИ ТӘЖІРИБЕ

Аудан ауыл шаруашылығында Сыр салысының орны бөлек. Агроөнеркәсібімен ерекшеленетін өлкеде әртараптандыру, су үнемдеу, сондай-ақ күріштің жаңа сұрыптарын жерсіндіру секілді жаңашыл жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бұл бағыттағы ілкімді істерді ауданның бірқатар шаруашылығы қолға алған болатын.
Атап айтсақ, соның бірі – Ақтөбе ауылындағы «Оңталап» шаруа қожалығы. Қазіргі таңда егіс алқабында «Лазер» сұрыпты күрішке орақ түсіп, ору жұмыстары жүргізілуде. Күріш шаруашылығында жаңа сұрыптарды сынақтан өткізіп, өндіріске заманауи тәжірибелерді енгізу – сапа мен мол өнімге жол ашатын мүмкіндік. Осы мақсатты көздеген шаруашылық ұжымы ауданда алғашқылардың бірі болып, 100 гектар жерге «Лазер» тұқымын егіп, тәжірибеден өткізуде.
Бұл сұрыптағы күріштің ерекшелігі неде деген сұраққа келсек, оның вегетациялық кезеңінің ұзақтығында. Табиғи-климаттық жағдайды ескергенде, аталған сұрыпты өсірудің шаруашылық үшін тәуекелі жоғары іс. Дегенмен, шаруа қожалық еңбеккерлері мен білікті мамандардың егістікті бақылауда ұстап, күтіп-баптауының, агротехникалық шараларды уақытылы жауапкершілікпен жүргізуінің нәтижесінде мол өнімге мүмкіндік алып отыр.
Әдетте, әрбір жұмыстың өзіне тән ерекшелігі мен жауапкершілігі болатынын ескерсек, күріш өндірісі де асқан ұқыптылық пен нақтылықты, тәжірибені қажет ететін сала. Ондаған, жүздеген адам нәпақасын табатын еңбекте қателесуге болмайды. – Бұл бастама ауданымыз үшін маңызды тәжірибе, жаңашыл бастама алаңы. Себебі әрбір жаңа тұқымды жергілікті жағдайға бейімдеп, өнімділігі мен сапасын анықтау – күріш шаруашылығын одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді. Осы тұрғыда Жер-ананың бабын тауып, заманауи бастамаға батыл қадам жасаған диқан қауымның еңбегіне алғаусыз алғыс білдіреміз. «Балапанды күзде санайды» демекші, «Оңталап» шаруа қожалығының ауызбірлікті ұжымына орақ маусымында сәттілік тілеп, биіктен көрінулеріне тілектеспіз, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
09 қазан 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

09 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 006
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031