» » Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты


2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында өндіріс көлемі 122,3 мың тоннаны құрады.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріштің ішкі нарықтағы өткізу көлемі 70,5 мың тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш экспорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға өсті. Сыртқы нарықтарға жеткізу көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін артып, экспорт құны 24,7 млн АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Негізгі экспорт бағыттары – Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.

Күріш экспортының көлемі 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш импорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға төмендеді. Импорттық жеткізілімдер көлемі 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейін, ал құны 9,0 млн АҚШ долларынан 3,3 млн АҚШ долларына дейін қысқарды. Негізгі жеткізуші елдер қатарында Үндістан, Ресей, Пәкістан, Таиланд және Өзбекстан.
07 қазан 2026 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30