» » ҚАРМАҚШЫДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА «DIRECTOR’S CUP» ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА «DIRECTOR’S CUP» ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ


Қармақшы ауданындағы №85 орта мектебінде Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Заң және тәртіп: бақылау, сенім және жауапкершілік» тақырыбында VI облыстық «Director’s CUP» дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.

Турнирдің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары басшыларының сыни ойлау, шешендік өнер және өз пікірін дәлелді жеткізу дағдыларын дамыту, сондай-ақ заң мен тәртіп қағидаттарының маңызын кеңінен насихаттау.

Пікірталас барысында мектеп басшылары тақырып аясында өз көзқарастарын ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша ой бөлісіп, өзара пікір алмасты. Дебат алаңы қатысушылардың кәсіби тәжірибесін шыңдап, түрлі ұстанымдарды талқылауға мүмкіндік берді.

Турнир қорытындысы бойынша: І орын – «IQ Premium» фракциясы №85 мектеп – №29 мектеп Тәжібаев Жасұлан, Нурманов Бахытбек,

ІІ орын – «Кемел» фракциясы №275 мектеп – №269 мектеп Байділдаева Гүлзира, Есіркепова Әсем,

ІІІ орын – «Болашақ» фракциясы №279 мектеп – №284 мектеп Аманова Фарида, Ерманова Сымбат,

Сонымен қатар, жекелеген номинациялар бойынша:

- «Үздік спикер» – Тәжібаев Жасұлан, Нурманов Бахытбек;
- «Үздік фракция» – Кулданова Жаннат, Арықбаева Асылкүл;
- «Үздік оратор» – Мыржақов Әсет.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қармақшы аудандық білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды.

Іс-шараға Байқоңыр қаласы прокуратурасының прокуроры Меруерт Серікқызы қатысып, жүлделі орын иегерлерін қала прокурорының алғыс хаттарымен марапаттады.

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп басшыларының кәсіби тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді талқылауына және пікірталас мәдениетін дамытуына мүмкіндік берді.

30 қыркүйек 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 938
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 181

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930