» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барып, ауданның ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысымен танысты.

Сапар барысында егін жинау науқанының барысы, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы, өнім жинау қарқыны қаралды.

Қармақшы ауданы бойынша биыл жалпы егіс көлеміндегі басты дақыл – сыр салысы, күріш 11 449 гектар алқапқа егілді. Бүгінгі күні 7 004 гектар күріш орылып, 4 901 гектары бастырылды.

Сонымен қатар, бүгінгі жұмыс сапары барысында көкөніс сақтау қоймасының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

«Жаңажол» ЖШС тарапынан жобалық құны 420 млн теңге, жалпы сыйымдылығы 1 000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қойманың іргетасы құйылып, металл қаңқалары құрастырылуда. Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Егін жинау науқаны – ауыл шаруашылығы саласындағы ең жауапты кезеңдердің бірі. Осыған байланысты аудан шаруашылықтарында егінді ысырапсыз жинау, техникалардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және өнімді белгіленген мерзімде қамбаға түсіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс сапары барысында басқарма басшысы шаруашылық басшыларымен пікір алмасып, егін жинау науқанын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Қармақшы ауданында дала жұмыстарының нәтижелі аяқталуы үшін барлық қажетті шаралар жалғасын табуда.

29 қыркүйек 2026 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 930
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 175

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930