» » Құрметті облыс тұрғындары!

Құрметті облыс тұрғындары!

Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Ортақ мүлікке ұқыпты қарап, көшелерді, аулаларды, саябақтарды таза ұстауға жауаптымыз.

Бөтеннің мүлкін әдейі бүлдіру немесе сындыру, қоғамдық орындарды ластау, қоқысты белгіленбеген жерге тастау, сондай-ақ тарихи-мәдени және табиғи нысандарды бүлдіру – заң бұзушылық.

Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша айыппұл, қоғамдық жұмысқа тарту, әкімшілік қамақ, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Әсіресе, тарихи-мәдени ескерткіштерге жазу, сурет салу немесе оларды бүлдіру – вандализм болып саналады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек полицияның міндеті емес. Бұл – әр азаматтың жауапкершілігі.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңда белгіленген жағдайларда құқық бұзушының бейнесі бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жарияланатындығын ескертеміз.

Баршаңызды заңды сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және өз іс-әрекетімізге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
28 қыркүйек 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031