» » Жаңа туған нәрестелерді сатуға тосқауыл қоятын бап енгізілді

Жаңа туған нәрестелерді сатуға тосқауыл қоятын бап енгізілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Заң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, сондай-ақ вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Балаларды, әсіресе, жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне тосқауыл қою үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жаңа баппен толықтырылды.
Аталған норма жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі туралы фактілерді хабарламағаны үшін лауазымды тұлғаларға жауапкершілік жүктейді (135-1). Сонымен қатар осы Заң арқылы ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру сияқты ұсақ бұзақылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді.
Сондай-ақ мүлікті жойғаны немесе бүлдіргені (вандализм) үшін әкімшілік жаза қатаңдатылды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
08 шілде 2024 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 117
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031