» » Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау қашан жүргізіледі?

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау қашан жүргізіледі?

Сурет: istockphoto.com
Елімізде тұмауға қарсы вакцинациялау мерзімі кейінге шегерілді. Бұған вакцинаны тіркеу рәсімдерінің ұзаққа созылуы себеп болған. Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы партия қазан айының басында өңірлерге жеткізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік мәліметінше, биыл тұмаудың алдын алу үшін өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде 2,2 млн-нан астам доза «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынған. Препаратты Ресейдегі «НПО Петровакс Фарм» өндіреді.
«Жеткізу мерзімі өнім беруші тарапынан Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығында жүргізілген тіркеу рәсімдеріне байланысты түзетілді. Оның аясында вакцинаның штаммдық құрамы жыл сайын жаңартылып, бұл жұмыс 2026 жылғы қыркүйекте аяқталды», деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, қазір препараттың тіркеу рәсімдері аяқталған. Алғашқы партия қазан айының басында өңірлерге жеткізіледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова бұған дейін тұмауға қарсы иммундау науқанын 15 қыркүйектен өткізуді көздейтін қаулыға қол қойған. Вакциналау инфекция жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға, соның ішінде созылмалы ауруы бар адамдарға, мектеп оқушыларына, жүкті әйелдерге, қарттарға және ерте жастағы балаларға жүргізіледі.
23 қыркүйек 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 895
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930