» » 1 000-нан аса әскерде болған сарбаз биыл грант бойынша жоғары оқу орындарында білім ала бастады

1 000-нан аса әскерде болған сарбаз биыл грант бойынша жоғары оқу орындарында білім ала бастады


Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз 2.0» жобасы аясында биыл мерзімді әскери қызметін аяқтаған 1 745 әскери қызметші мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Олардың 1 000-нан астамы жаңа оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға кірісті.

Бастама 2023 жылдан бері жүзеге асырылып, заңнамалық тұрғыда бекітілген. Білім беру грантына белгіленген мерзімді өтеп, негізгі әскери пәндер бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен әскери қызметшілер үміткер бола алады.

Іріктеу мерзімді әскери қызметтің барлық кезеңінде «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізіледі. Рейтинг қалыптастыру кезінде жауынгерлік даярлық нәтижелері, әскери тәртіп, арнайы міндеттерді орындау, психологиялық даярлық және тестілеу қорытындылары ескеріледі. Осы көрсеткіштер негізінде жүйе үміткерлердің рейтингін қалыптастырып, квоталар автоматты түрде бөлінеді.

2025 жылдан бастап конкурс білім беру бағдарламаларының таңдалған тобына сәйкес екі бейіндік пән бойынша тестілеуді қамтиды. Әскери қызметшілер оған қызметтен бос уақытта дайындала алады.

Грант иегерлерінің бірі – Дамир Тұзақбай. Әскери қызметтен кейін ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша білім алып жатыр.

— Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсетіп, университетке тегін түсу мүмкіндігіне ие болдым. Қазір «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығында білім алып жатырмын. Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы жастарға көрсетіліп отырған үлкен қолдау деп есептеймін, — деді бірінші курс студенті.

Гранттар арасында сұранысқа ие бағыттар қатарында коммуникациялар, орман шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бар.

Грант иегерлеріне шәкіртақы тағайындалады. Сондай-ақ жатақханадан орын алуға басымдық беріледі.

Әскерден кейін білімін жалғастыру мүмкіндігі грантпен ғана шектелмейді. Мерзімді әскери қызметтен босатылған азаматтар екі жыл ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ақылы негізде ҰБТ және қабылдау емтихандарының нәтижелерін есепке алмай түсе алады.
22 қыркүйек 2026 ж. 23 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 890
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930