» » Сыр елінің тартуы – Елордаға

Сыр елінің тартуы – Елордаға

Бүгін Астана қаласына Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты.

19-20 қыркүйек күндері елордада Қызылорда облысының тауарөндірушілері қатысатын дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Арқа төрінің тұрғындары мен қонақтарына Сыр өңірінің брендіне айналған ақ күріш, дарияның дәмді балығы, табиғи ас тұзы, балдай тәтті қауын-қарбыз, ұлттық сусындар және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.

Сыр елінен елордаға 100 жүк көлігіне тиелген 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіліп, жәрмеңкеге 100-ге жуық дихан мен тауарөндіруші қатысуда.

Атап айтқанда, 230 тоннадан астам күріш, 30 тонна ет өнімдері, 30 тонна балық өнімдері, 280 тонна бақша өнімдері, 30 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі.
Сонымен қатар, елордалықтарға Сыр елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Өтетін орны: «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойы
Күні: 19-20 қыркүйек
Уақыты: 09:00–18:00

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Сыр елінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!

17 қыркүйек 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930