» » САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ НАЗАРДА

САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ НАЗАРДА

Жуырда «Руханият» орталығында осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің негізгі талаптарын түсіндіруге арналған кездесу өтіп, оны аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізді. Жиын барысында жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру, салық салу жүйесіндегі жаңашылдықтарға тоқталу және салық түсімдерінің орындалу барысын талқылау мәселелері қаралды.
– Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру, салық салу жүйесіндегі жаңашылдықтарға тоқталу және салық түсімдерінің орындалу барысын талқылау. Жаңа Кодексте салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, кәсіпкерлерге түсетін жүктемені азайтуға және салық салу жүйесін оңтайландыруға бағытталған бірқатар өзгеріс қарастырылған. Сондықтан бұл өзгерістерді аудан аумағында дұрыс түсіндіру және кәсіпкерлердің жаңа талаптарды дұрыс орындауы маңызды. Жаңа Салық кодексінің талаптары мен енгізілген өзгерістерді жан-жақты түсініп, оларды тәжірибеде тиімді қолдану баршамыз үшін маңызды. Осыған байланысты салықтық міндеттемелерді уақытылы әрі сапалы орындауға жауапкершілікпен қарау қажет, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Жалпы, ауданымызда кейінгі жылдары бюджет және өз кірістерінің орындалуы бойынша оң динамика қалыптасып келеді. Бүгінде 2026 жылға бекітілген ауданның өз кірістері 2025 жылдың жоспарымен салыстырғанда 34,3 пайызға жоғары.
Жиынға облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғани Аманов арнайы келіп, кәсіпкерлерге қарастырылған жеңілдіктер мен салықтық әкімшілендіру саласындағы жаңашылдықтар жөнінде түсіндірме берді. Сонымен қатар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлсара Қарымсақова жаңа Салық кодексінің негізгі нормалары бойынша толық ақпараттық түсіндірме жасады.
Кездесуде кәсіпкерлер тарапынан бірқатар сұрақ қойылып, туындаған мәселелер бойынша пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.
«ҚТ» ақпарат
14 қыркүйек 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 842
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930