» » ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША КАДРЛАР ДАЯРЛАУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША КАДРЛАР ДАЯРЛАУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.

Мәжілісте ауданның даму бағыттарына сәйкес ауыл шаруашылығы, құрылыс және шағын бизнес салаларындағы жұмысшы мамандықтарына қажеттілікке талдау жүргізіп, кадр тапшылығы сезіліп отырған мамандықтың тізімін қалыптастыру мәселесі қаралды. Осы бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық Мансап орталығына еңбек нарығындағы сұранысты зерделеу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бұдан бөлек аудандық білім бөліміне мектеп оқушылары арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Бұл ретте Жандос Еркінбек оқушылардың мамандық таңдауға ерте бастан жол көрсетіп, ашық есік күндерін жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпараттық жұмыстарды күшейту мәселесіне баса назар аударған аудан басшысы:
-Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру - алғашқы міндетіміз. Сондықтан жауапты бөлімдер осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуі қажет,- деді.

Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен қатар, ауданның алдағы кезеңдегі басым бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Соның бірі қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу (505-бап), ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу (408-бап), ортақ пайдаланылатын орындарды ластау (434-2-бап) бойынша анықталған құқық бұзушылықтардың алдын алу және тиісті шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

Жалпы көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша ауданымыз 100 пайызға әскери тапсырысты толық орындаған болса, қазір күзгі науқан бойынша да бекітілген межені уақытылы орындау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселе аудан басшысының тұрақты бақылауында. Сондықтан мәжілісте жұмысты тиісті деңгейінде қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Жиында жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар беріліп, олардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 қыркүйек 2026 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 793
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 080

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930