» » АУДАНЫМЫЗДА ТАҒЫ БІР ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

АУДАНЫМЫЗДА ТАҒЫ БІР ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасын қолдау мақсатында, «Оңталап» шаруа қожалығының демеушілігімен Ақтөбе ауылында құны 50 млн теңгені құрайтын жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, ел игілігіне табысталды.

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып, жаңа өрт сөндіру бекетінің ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды екенін және нысанның ашылуымен ауыл халқына өз құттықтауын жеткізді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов ауылдық жерлерде өрт сөндіру бекеттерінің маңыздылығын айтып, сәттілік тіледі. Сонымен қатар бекеттің құрылысына белсенді қатысып, өз үлесін қосқан бірқатар азамат Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жиында ауылдың ақсақалдары да ізгі тілектерін білдірді. Қазақстан Республикасының құрметті ардагері, ауыл тұрғыны Ибрагим Жұмағұлов ақжарма тілегін жеткізсе, Ақтөбе ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исабек Көміршеев ақ батасын берді.

Бүгінде республика бойынша елді мекендерде 550 өрт сөндіру бекетін салу жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, қазір аймақта 10-шы өрт сөндіру бекеті ел игілігіне табысталып отыр. Аудан көлемінде де бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Маусым айында Алдашбай ахун ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілсе, бүгін осындай маңызды нысан Ақтөбе ауылында ашылып отыр. Жыл соңына дейін бұл бастама жүйелі түрде жалғасады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 қыркүйек 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 793
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 081

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930