» » Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Министрлер өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да қазіргі заманғы қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Сапар аясында Ержан Сәденов Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен екіжақты кездесу өткізді. 

Қорғасқа қатысты жағдай

Екіжақты кездесу нәтижесінің бірі - Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасында "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылуы.
"Келісім екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Бұл құқықбұзушылықтардың алдын алуға, туындайтын қатерлерге жедел ден қоюға және халықаралық орталық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

Екіжақты келіссөздердің тағы бір нәтижесі - Қазақстан мен Қытай азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілуі.
"Бұл екі ел азаматтарына тиісті рәсімдерді жеңілдетіп, өзара сапарларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
08 қыркүйек 2026 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 945
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 187

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031