» » ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ


5 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – ұлт қазынасы» атты эссе байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шара барысында Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, қазақ тілінің ұлт болмысын сақтаудағы маңызына тоқталды.

Эссе байқауына қатысушылар «Қазақ тілі – ұлт қазынасы» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, ана тілінің тарихы, бүгіні мен болашағы жайлы толғаныстарын шығармашылық жұмыстарында жеткізді.

Байқау соңында үздік эссе жазған оқушыларды анықтап, арнайы дипломдар мен алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды.

05 қыркүйек 2026 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 943
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031