» » Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының үш күндегі нәтижесі

Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының үш күндегі нәтижесі


Қазақстан құрамасы жалпы жарыстың үш күнінде 16 алтын, 8 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Бүгін Ұлттық құрама Аударыспақтан Сырым Ізбасаров пен Дарын Өткелбай алтын жүлдеге ие болса, Нұржан Еркінұлы қола медаль алды.

Құсбегіліктен қазақстандық спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды. Самбодан Болат Сапар алтын, Еркебұлан Нығметов пен Жандос Бейсенбаев қола медаль иеленді. Қырғыз күресінен Алмас Жұмағали күміс жүлдеге қол жеткізді.

Арқан тартыстан ұлттық құрама «4x4» бағдарламасында Иран спортшыларын жеңіп, алтын медаль алды. Ал қол күресінен қазақстандық спортшылар 7 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлде еншіледі.

Осылайша, бүгін Қазақстан құрамасы 24 медаль жеңіп алды. Ал үш күндегі жалпы нәтижесі - 34 медаль.

Ертең қазақстандық спортшылар 21 спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

04 қыркүйек 2026 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 127
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 321

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031