» » Сұлулық индустриясы қандай бизнес?

Сұлулық индустриясы қандай бизнес?

​​​​Сұлулық индустриясы қандай бизнес?
Сұлулық әлемі адам өмірінде қашан да маңызды рөл атқарып келеді. Сұлу көріну, жастықты сақтау әсіресе қыз-келіншектерді мазалайтын мәселе. Осы ретте сұлулық индустриясы сұлулық пен жастықты сақтауға қаншалықты қауқарлы? Әйелдер декоративті және тері күтіміне арналған косметикаға қанша ақша жұмсайды? Отандық нарықта кім көшбасшы? Саралап көрелік.
Нарық талдауы
«100 үздік жоба» жобасы сарапшылардың зерттеуі көрсеткендей, Қазақстандағы косметика нарығы қазіргі таңда триллион теңгеден асады. Сарапшылардың айтуынша, бұрынырақ декортативті косметикаға тұтынушылық сұраныстың негізгі үлесі тиесілі болатын. Енді бет терісі күтімі бойынша косметикаға сұраныс тұрақты артып келеді.
ҚР косметика заттары нарығының сыйымдылығы 2014 жылы 1,1 млрд АҚШ долларын құраған, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,1% артқан.Алдағы 4 жылда өсу үрдісі 6,3 пайызға бағаланып, 2018 жылға қарай қазақстандық косметикалық нарық көлемі 1,4 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін.Табиғи косметиканы жергілікті өндірушілер ел нарығындағы өз үлестерін небәрі 0,5–1% деп бағалайды.
Қазақстанның косметика нарығында соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгерістер болды. Әлемдік экономикалық өзгерістер елге де әсер еткенімен, нарық жылдам қарқынмен өсіп келеді. Сән нарығының жыл сайынғы өсуі айтарлықтай тартымды болып отыр, сонымен қатар Ресей мен белсенді экономикалық серпіндегі басқа елдерде осындай көрініс.

Ішкі өндіріс
ҚР Ұлттық экономика Статистика комиетінің 2016 жылдың 19 қыркүйегіндегі деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында «Парфюмерлік және косметикалық өнімдерді өндіру» экономикалық қызмет түрімен айналысатын 27 кәсіпорын тіркелген. Аталған кәсіпорындар республиканың 9 өңірінде орналасқан, осы экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне жататын кәсіпорындардың көбі Алматы қаласында (10 бірлік) орналасқан. Барлық кәсіпорындар 50 қызметкерге дейінгі шағын ұйымдар болып табылады.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында осы тауар позициясының өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,3% -ға өсіп, 1,1 мың тоннаны құрады.2011 жылдан 2015 жылға дейін қырынуға арналған құралдарды, дезодоранттар мен терлеуге қарсы заттар, монша препараттарын өндірудің тұрақты өсуі байқалды. 2015 жылы тауарлардың осы санатын өндіру көлемі 2,2 мың тоннаға жетті, бұл 2014 жылға қарағанда 5%-ға жоғары және 2011 жылмен салыстырғанда 6,5 есе жоғары көрсеткіш.
Алайда, бірінші жартыжылдықта өндіріс көлемінің өсу қарқыны біршама азайып, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85%-ды құрап, өндіріс көлемі 913 тоннаны құрады.2011-2015 жылдарға арналған тауарлардың талдау санатының орташа жылдық өсу қарқыны 165% мөлшерінде құрылды.
Қазақстанның косметика нарығында соңғы 10 жыл ішінде айтарлықтай өзгерістер орын алған. Нарық тез қарқынмен өсіп жатыр, дегенмен жаһандық экономикалық өзгерістер елге әсер етпей қоймады. Сән нарығының жыл сайынғы өсуі айтарлықтай тартымды болып отыр, сонымен қатар Ресей мен белсенді экономикалық серпіндегі басқа елдерде осындай көрініс бар.
Тұтынушылар эстетикалық медицина және косметология саласындағы инновацияларына назар аударып, бақылап отыр, бұл тері күтімі, аппараттық косметология және эстетикалық медицина саласындағы жаңа препараттар мен дәрі-дәрмектердің пайда болуына әкеледі.Сондай-ақ, селективті косметика және парфюмерияның үлесі танымал болуда.
Декорация ма жоқ күтім бе?
Қазақстан тұтынушыларының әдеттері мен талғамы қатты өзгерді. Бұрынырақ декоративті косметикаға нарықтың басым үлесі тиесілі болатын. Енді қатынас бет күтіміне арналған косметикаға қарай ауысып барады. Жастыққа ғалам бойынша табыну және қартаюға қарсы косметика танымалдығы Орта Азия нарығына да әсер етуде. Қазақстанда косметикалық өнім өндірісі тоқтап қалған, бұл сегмент Ресейден келетін арзан косметикамен алмастырылып отыр.
«100 үздік жоба» жобасы сарапшылардың зерттеуі бойынша косметика нарығындағы тенденциялар оның сыйымдылығының жыл сайынғы өсуін көрсетеді. Көшбасшылар бұрынғыша шетелдік компаниялар болып отыр. Бір қызығы қазақстандықтар косметиканың көбін арнайы емес дүкендерден сатып алады.
ЕАЭО елдерінің косметикалық өнім импортына жоғары тәуелділігін ескере отырып, оларды дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуі, ЕАЭО елдерінде өзара тиімді сыртқы сауда ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесетін жаңа заңнамалық актілер мен нормативтік актілерді әзірлеу, ЕАЭО елдерінің косметикалық нарықтарын шетелдік косметикалық өндірушілердің өнімдерін экспорттау үшін ең тартымды етеді. 
Қандай косметиканы тұтынасыз?
Әлемдік косметикалық нарықта косметикалық өнімдердің түрлі сипаттауларына негізделген бірнеше түрге жіктеу бар.Орталық кеңсесі Швейцарияда орналасқан Тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы айналысатын косметика жіктеуінбірнеше категория бойынша жіктейді:
- Mass market – салыстырмалы түрде арзан, үлкен ауқымды партиялармен шығарылатын косметика.Оның негізінде мұнай-химия мен тым төмен сападағы өсімдік ингредиенттер, формалин мен фенолдан дайындалған жасанды консерванттар жатыр. Осындай косметика шағырушы өкілдері Herbina, E.L.Erman, AVON, Oriflaime, Faberlic болып табылады.
- Midle market – орта кластағы косметика түрі оның жоғары деңгейін және сапасын арттырады. Бұл категориядағы кремдер мен тері күтіміне арналған құралдар табиғи биологиялық белсенді заттардан тұрады, ал консерванттары өсімдіктерден дайындалады. Аталған категория өкілдері REVLON, L'OREAL, Mary Kay, BOURJOIS, LANCOME.
- Lux– бұл категориядағы косметиканы «жаңа технологиялар косметикасы» деп батыл атауаға болады. Өндірушілердің өз ғылыми-зерттеу орталықтары бар, олар дизайнерлер мен маркетолог қызметіне де аянбайды. Люкс класты косметикада биологиялық белсенді компоненттер шамамен 70% -80% құрайды. Олар табиғи шикізаттың ең жоғары деңгейін қолданады ал консерванттар тек қана табиғи – коллоидті күміс, прополис, шай ағашының майы және т.б. аталған класс өкілдері – бұл жоғары сән үйлері: бірінші кезекте дизайны мен сапасы үйлескен Elizabeth Arden, Nina Ricci, Helena Rubinstein, Yves Saint Laurent компаниялары.
- Кәсіпқойларға арналған косметика (косметикалық құралдардың осы бағытының тұжырымдамасы – клиенттің мұқтаждықтарын дер кезінде қанағаттандыру және оны сұлулық салонына байланыстыру);
- Емдік косметика – космецевтика (Бұл класты косметикалық өнімдер тері қабаттарына ену деңгейіне қарай 3 деңгейге бөлінеді. 1-ші деңгей эпидермисте – терінің үстіңгі қабатында жұмыс істейді, жандандыратын, қоректік және ылғалдандыратын әсерге ие, сау жасуша қалыптасуына ықпал етеді. 1 деңгейдегі емдік косметика тек дәріханаларда сатылады, олар: "VICHY", "PHYTO", "LIERAC", "URIAGE", "PHYTOPHARM", "PHARMCOSMETIC" және басқалар. 2-ші деңгейдегі космецевтика құралдары эпидермистің қабаттарында ғана емес, сонымен қатар дерманың 2 қабатында гиподермияға дейін жұмыс істейді, екінші деңгейдегі емдік косметиканың негізі жоғары технологиялармен алынған табиғи биоактивті компоненттер (мысалы, эфир майлары) болып табылады. 3-ші деңгейлі емдік косметика 2-ші деңгейдегі косметикалық өнімдердің барлық қасиеттеріне және артықшылықтарына ие, бірақ терінің қабаттарына тиімді және терең әсер ете алады. Косметологтардың осы революциялық жетістігі 2004 жылы тұтынушыға қол жетімді болды. 
Корея косметикасы тренд пе?
Қазіргі таңда отандық нарық егментінде кореялық косметика өнімдеріне деген қызығушылық артақнын байқауға болады. Әлеуметтік желілер көреялық өнімдерді жарнамалар, дүкендер сатып, сұлулық салондары негізге осы косметиканы алып отыр? Артықшылығы неде? Дәстүрлі еуропалық көшбасшыларды кореялық өнім қалай алмастыра алды? Бұл өнім шын мәнінде әсері қандай?
«КорАЛЛ» компаниясы құрылтайшысының бірі Лаура Сейітбек:
«Корея – азиялық мемлекет, біз де азиялықтармыз. Сондықтан осы мемлекет өндіретін косметика біздің қыз-келіншектерге барлық параметрлер бойынша келеді. Сонымен қатар кореялық косметика декоративті косметикамен қатар бет күтіміне арналған, емдік косметикада айтарлықтай жетістіке жеткен.Косметика құрамында табиғи ингредиенттер қолданылады» Бұл салада Оңтүстік Кореялықтар көп мемлекеттен әлдеқайда ілгері кеткен. Косметологиялық клиникалары да өте көп, ғылыми-теxникалық базалары өте мықты. Әр клиника өз лабараториясында емдік, люкс санатындағы профессионалды косметикасын жасап шығарады. Масс маркетке арналған косметикалвр да көптеп шығады. Клиника қабырғаларында өндірілгенлюкс класты косметикаларының әсері, сапасы тіпті керемет. Біздің орталық қаншама жылдан бері ең озық деген бірнеше клиникалармен әріптестік орнатып, олар өндіретін косметикалардың ТМД-дағы жалғыз, эксклюзивті ұсынушысы болып табылады».
...Әзірге отандық косметика нарығы осы. Жергілікті қамту үлесі аз импортты алмастыру жоқ аралық кезеңде сыртқы нарықтардан біреулер келіп біреулер кетіп табыс тауып нарығымызды билеітіні сөзсіз. Отандық косметика индустриясын көтеруге не кедергі? Бұл тұрғыда бірінші кезекте алаңы терең зерттеген маркетологтардың тапшылығы салада ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмейді, алып-сатарлықтан басқа, өнімді өндіруші кәсіпорындарға әкімшілік кедергілер көп, арнайы шикізат базалары Қазақстанда жоқтың қасы, олар да шетелден алынады. Міне, осы факторлар отандық индустрияны шектеп отыр.
14 шілде 2018 ж. 952 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 12:04
Venta De Kamagra En Linea Xenical In Spain For Sale cialis for sale Venta Kamagra Zebeta Valtrex Sold Usa

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031