» » Көз айналасындағы тері күтімі

Көз айналасындағы тері күтімі

Көз айналасындағы тері күтімі
Егер көзіңіздің асты қарайып, ісіп, не болмаса мимикалық әжімдердің пайда болғанын байқасаңыз, дереу тері күтіміне назар аударыңыз.
Көз айналасындағы тері күтіміне арналған крем не үшін қажет?
Көз айналасындағы тері өте нәзік болып келеді және бет терісіне қарағанда көз айналасындағы терінің дәнекер ұлпалары өте әлсіз. Адам көзін күніне бірнеше рет жыпылықтататындықтан, көзін сығырайтатындықтан бұл аймақты қадағаламаса, көз айналасы тез қартаюы мүмкін.  
Осындай өзіне тән мәселелерді шешу үшін көз айналасындағы теріге арналған кремнің құрамын бет терісіне арналған кремнен біраз өзгеше етіп шығарады. Сонымен қатар, көз айналасындағы тері өте сезімтал болғандықтан, крем өнімдері арнайы офтальмологиялық бақылаудан өтуі керек.
Бұл аймаққа кремді қалай таңдау керек?
Бұл аймақта май бездері мен тер бездері аз болғандықтан, крем таңдау қиын емес. Косметика өнімдерін шығаратын фирмалар көз айналасындағы теріге арнап бір-екі өнім ұсынады. Мұндай препараттарды әдетте жеңіл эмульсин немесе гель негізінде дайындайды. Сондықтан кремді қандай мәселені шешу керек, соған байланысты таңдаңыз.
Нәзік аймаққа кремді қалай жағу керек?
Кремді күніне екі рет, таңертең және кешке қабақтың ішкі жағынан сыртқа қарай саусақтың ұштарымен ақырын ұрғылап жағамыз.
Кремге үйреніп кетпей ме?
Косметикалық өнімдерге үйрену деген болмайды, өйткені косметикада заң бойынша әсерлі компоненттер – гормондар және т.б. болмауы қажет. Арнайы жас ерекшеліктерін ескеретін активті кремдер мен эмульсияларды мезгілге бөліп, үзіліспен қабылдаған жөн.
Көз айналасындағы теріні күту үшін крем жағып қоя салу керек пе?
Күнделікті крем жағу - үстіңгі қабатты ылғалдандырады, яғни эпидермисті ылғалдандырып қояды. Тереңдете ылғалдандыру үшін косметолог маманына жүгінуге тура келеді, сонымен қатар, күнделікті дәрумендер мен минералдар қабылдау қажет.
Крем қолданғаннан кейін нәтиже қанша уақытта білінеді?
Әрине, барлығы сіздің қандай крем қолданып, қандай нәтиже алғыңыз келетініне байланысты. Кремнің негізі жұмсарту, тегістеу қызметін атқарады және бұл қолданғаннан кейін бірден білінеді. Арнайы спецификалық мәселелер – қараюды, ісікті басу, мимикалық әжімдерді кетіру , - бұл таңдалған кремнің активті компоненттерінің тиімділігіне байланысты (өсімдік экстрактілері, минералдар мен дәрумендер). Нәтиже екі-үш аптадан кейін біліне бастау керек.
25 мамыр 2018 ж. 1 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031