» » ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Диас Молдабаев аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.

Кезектілік тәртібімен қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. Ауылдық елді мекендерден арнайы келген тұрғындар да өздерінің мәселелерін жеткізді.

Кездесу барысында әрбір өтініш иесінің жағдайы жеке қаралып, мәселелерді шешудің мүмкіндіктері талқыланды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық жауаптар беріліп, заң аясында тиісті түсіндірмелер жасалды. Ал жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қолда бар мүмкіндіктер түсіндіріліп, қоғамдық жұмыстарға тарту жөнінде ұсыныстар берілді.

Диас Асылбекұлы жауапты сала мамандарына тұрғындардың мәселелерін шешу бойынша бірқатар тапсырмаларын жүктеді. Сондай-ақ азаматтардың өтініштері назарға алынып, олардың өз кезеңімен орындалатыны айтылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 тамыз 2026 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30