» » Қазақстанда алғаш рет мектеп мәзіріне шұбат енгізіледі

Қазақстанда алғаш рет мектеп мәзіріне шұбат енгізіледі

Сурет: ruh.kz
Egemen.kz
Жоба жаңа өндіріс орнының іске қосылуымен жүзеге асып отыр. 26 тамызда Жаңаөзен қаласында «Нар-Бота» шұбат құю цехының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, қала ақсақалдары, кәсіпкерлер және қоғам өкілдері қатысты.
Мектеп оқушыларын шұбатпен қамтамасыз ету бастамасын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көтерген.
«Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың денсаулығы мен құнарлы тамақтануы басты басымдықтардың бірі болуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев фастфуд өнімдерінің агрессивті жарнамасы мәселесіне және өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды. Шұбатты мектеп ас мәзіріне енгізу бастамамыз – осы бағыттағы нақты қадам. Сонымен қатар бұл – отандық өндірісті қолдау, ауыл шаруашылығы мен түйе шаруашылығын дамыту, жергілікті өндірушілер үшін тұрақты нарық қалыптастыру», деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жаңа өндірістік алаңның жалпы аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Кәсіпорын жылына 400 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы.
Цехта түйе сүтін қабылдау және өңдеу, шұбат дайындау, өнімді құю және сақтау процестері жолға қойылған. Өндіріс орнының іске қосылуы жергілікті түйе шаруашылығы қожалықтары үшін де жаңа мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биыл 12 қаңтарда «Жаңаөзен сүт зауытында» құрғақ түйе сүтін өндіретін цех іске қосылған болатын. Жаңа шұбат өндіру және құю цехының ашылуы кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру бағытындағы жұмыстың жалғасы болып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Ақши ауылындағы түйе шаруашылығы отандық шұбатты шетелге экспорттай бастағанын хабарлаған болатынбыз.
27 тамыз 2026 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31