» » «ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады

«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады


«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген.
Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш жағдайда өткен. Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген.
«Жүйелі дайындық қоғамдық байқауға бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Байқаушылар өз өкілеттіктерін түсініп, учаскелердегі ахуалды объективті түрде тіркей алды. Ерекше назар аударуды қажет ететін немесе осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ», – деді Төлеген Күнәділов.
Байқаушылар күн бойы сайлаушылардың тұрақты легін тіркеген. Коалиция өкілдері дауыс беруге жастардың белсенді қатысқанын ерекше атап өтті.
«Сайлаушылар арасында жастардың көп болғаны назар аудартады. Бұл олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытып, Қазақстанның болашағын қалыптастыруға қатысуға дайын екенін көрсетеді», – деді коалиция төрағасы.
Сайлауға дейін байқаушылар бір ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Оларға сайлау заңнамасы, құқықтары мен міндеттері, дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі түсіндірілген.
Мониторинг барысында учаскелердің мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі де бағаланды. Байқаушылар пандустардың, арнайы кабиналар мен ақпараттық материалдардың болуына назар аударған.
Қазір коалиция өңірлерден түскен мәліметтерді жинақтап жатыр. Материалдар толық өңделгеннен кейін қоғамдық байқаудың қорытынды талдамалық есебі жарияланады.
24 тамыз 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 718
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31