» » «Құқықтық тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді

«Құқықтық тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді


Қызылорда облысының аумағында 18–21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шараның алғашқы тәулігінің қорытындысы бойынша облыс көлемінде 302 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Атап айтқанда, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес 1 дерек анықталды.
Сонымен қатар көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың 4 дерегі анықталды. Ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес 24 құқық бұзушылық тіркелді.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті міндеттер жүктелді.
Іс-шараның қалған күндерінде анықталған кемшіліктерді жоюға, құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың жолын кесуге бағытталған жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Заң мен тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік негізі.
19 тамыз 2026 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 036
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031