Құрылтай
» » КӘСІПКЕРЛІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

КӘСІПКЕРЛІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ


Ауданымызда кәсіпкерлік саласына қолдау көрсетіп және инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін «Руханият» орталығында өткен баспасөз брифингінде аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жандос Махамбетов 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен негізгі нәтижелер туралы есеп берді.

Жыл басынан бері ауданның өнеркәсіп саласында 5 млрд 889 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 142,4 пайыз өсімге қол жеткізілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 149 пайызға артқан. Бөлшек сауда көлемі 100,8 пайызын көрсетті.

Бүгінде ауданда 2845 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде белсенділік үлесі 95,2 пайызды құрап отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 9 млрд 537 млн теңгені құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау көрсету жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері 59 жобаға несие берілген. Оның ішінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 42 жобаға, «Іскер» бағдарламасы арқылы 10 жобаға, «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 5 жобаға және «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы 2 жобаға қаржы бағытталған.

Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімімен аудан бойынша 4 инвестициялық жоба қолға алынған. Жобалар толық іске қосылған жағдайда 168 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобалардың қатарында Жосалы кентінің шығыс бөлігінде іске асырылатын күн электр станциялары мен деректерді өңдеу орталығының құрылысы бар. «Джи Пауер Энерджи» ЖШС жобалық қуаттылығы – 100 МВт және 45 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар «Алтын Нью Энерджи» ЖШС-нің 50 МВт күн электр станциясын салу жобасы және «Ориентал Энерджи Казахстан» ЖШС-нің 50 МВт күн электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылуда. Әр жоба іске қосылған кезде 50-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

Брифинг барысында Жандос Дүйсенбекұлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында толық ақпарат беріп өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 тамыз 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 688
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31