» » ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ҚЫЗЫЛОРДАДА 5 УЧАСКЕ АЗАМАТТАРДЫ УАҚЫТША ТІРКЕУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ҚЫЗЫЛОРДАДА 5 УЧАСКЕ АЗАМАТТАРДЫ УАҚЫТША ТІРКЕУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ


23 тамыз күні Құрылтай сайлауы өткізіледі. Маңызды саяси науқанда Қызылорда өңіріндегі 500 591 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.


Аймақта 386 учаске құрылған. Мұнда 2720 комиссия мүшесі сайлаушылар үшін қызмет жасауда.


Азаматтар өз учаскесін үйден шықпай ақ «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты платформа көмегімен анықтауда. saylau.orda.gov.kz платформасының көмегімен 70 мыңға жуық азамат өз учаскесін тапқан. Бұл платформа «Смарт Қызылорда» мобильді қосымшада және телеграм (sailau_kzoBot) желісінде қолжетімді.

Тұрғындарға өңірдегі 193 учаскеде онлайн сервистер ашылған. Бұл учаскелер сайлаушылардың ЖСН арқылы қайда тіркелгендігін анықтап бере алады.

Дауыс беру күні тізімде жоқ азаматтарды уақытша тіркеумен айналысатын 5 арнайы жұмыс істейді. Мұнда халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындарды уақытша тіркеп, дауыс беруіне мүмкіндік жасайды. Әрі қарай комиссия мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды тізімге енгізіп, бюллетень береді.
Айта кетейік, 23 тамыз күні дауыс беру таңғы 07.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.
18 тамыз 2026 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30