» » «QADAM KERUEN» акциясы өткізілді

«QADAM KERUEN» акциясы өткізілді

Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай орталық алаңда «QADAM KERUEN» акциясы өткізілді.

Акцияның басты мақсаты – жастарға қажетті мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер туралы ақпаратты бір алаңда ұсыну, олардың өзекті мәселелеріне бағыт-бағдар беру және пайдалы мүмкіндіктермен таныстыру.

Акция барысында жастарға бірнеше сала бойынша кеңес беріліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

Ауыл шаруашылығы бөлімі – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ақпарат берді.

«Отбасы банк» – тұрғын үй бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

Әлеуметтік қорғау саласының мамандары – әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес берді.

Аудандық полиция бөлімі – құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік мәселелері жөнінде ақпарат ұсынды.

Аудандық емхана – жастарға медициналық қызметтер, профилактикалық тексерулер және салауатты өмір салты бойынша ақпарат берді.

Төтенше жағдайлар бөлімі – қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«QADAM KERUEN» – жастарға қажетті ақпарат пен мүмкіндіктерді бір жерге тоғыстырған пайдалы акция болды!

Жастарға қолдау көрсету – жарқын болашаққа жасалған қадам!

11 тамыз 2026 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30