» » Мемлекеттік қызметтердің 70%-ы eGov GPT-ге көшіріледі

Мемлекеттік қызметтердің 70%-ы eGov GPT-ге көшіріледі

Осы жылдың сәуір айында іске қосылған eGov GPT интеллектуалды цифрлық ассистентінің функционалы кеңейіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған сервис азаматтарға өмірлік жағдайдың мәтіндік сипаттамасы бойынша нысандар мен анықтамаларды өз бетінше іздемей-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«Бүгінде eGov GPT-де жалпы трафиктің шамамен 30%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Азаматтар eGov GPT мүмкіндіктерін 150 мыңнан астам рет қолданып үлгерді. Ол мемлекет пен азаматтар арасындағы барлық мәселелер бойынша әмбебап AI-ассистентке айналуға тиіс», деді вице-премьер.
Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында тұрғанын айта кеткен жөн.


12 тамыз 2026 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30