Құрылтай
» » Қазақстанда eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстанда eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан eGov-тан бас тарта ма?

Жақында БАҚ-та Қазақстан eGov-дан бас тартатыны, ал оның орнына барлық мемлекеттік қызметтерді жаңа платформа QazTech көрсететіні туралы ақпарат пайда болды. Ведомство басшысы Жаслан Мәдиев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Министрліктің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабына сүйенсек, бұл порталды жабу немесе одан бас тарту туралы әңгіме қозғалып отырған жоқ.
"Электрон үкімет порталы eGov.kz азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі құралы болып қала береді. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электрон форматта қолжетімді және eGov.kz бұл жүйеде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанда электрон үкіметтің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыс істеліп жатыр. Осы жұмыстар шеңберінде QazTech жаңа технологиялық платформасы енгізіліп жатыр, ол жаңартылған eGov 3.0 порталын дамыту үшін негіз болады", - деп жазылған ведомство жауабында.
11 шілде 2025 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31