Құрылтай
» » WhatsApp аккаунтты алаяқтардан қалай қорғаймыз?

WhatsApp аккаунтты алаяқтардан қалай қорғаймыз?

Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттарға рұқсатсыз кіру жағдайлары көбейіп отырғанын ескертіп, қолданушыларды жеке деректерінің қауіпсіздігіне мән беруге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, аккаунтты қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі – екі сатылы тексеруді қосу. Ол үшін WhatsApp-та «Баптаулар» бөліміне кіріп, «Аккаунт» пен «Екі сатылы тексеру» тармағын таңдап, алты таңбалы PIN-код орнату қажет. Сондай-ақ аккаунтты қалпына келтіруге арналған электронды пошта мекенжайын көрсетуге болады.
ІІМ бұл кодты ешкімге бермеуге кеңес береді. Алаяқтар өздерін банк немесе басқа ұйым қызметкері ретінде таныстырып, SMS арқылы келген растау кодын сұрауы мүмкін.
Сонымен қатар қолданушыларға аккаунтқа қосылған құрылғыларды тұрақты түрде тексеру ұсынылады. Ол үшін WhatsApp мәзіріндегі «Байланыстырылған құрылғылар» бөліміне кіріп, тізімдегі құрылғыларды қарап шығу керек. Егер белгісіз құрылғы анықталса, оны бірден аккаунттан ажыратқан жөн.
Министрлік аккаунттың бұзылғанын білдіретін бірнеше белгіге назар аударды. Олардың қатарында қолданушының қатысуынсыз хабарламалардың жіберілуі, таныстардың оның атынан күмәнді өтініштер алғаны туралы хабарлауы, сұратылмаған растау кодтарының келуі және аккаунттан өздігінен шығып қалу бар.
ІІМ растау кодтарын бөгде адамдарға бермеуді, күмәнді сілтемелерді ашпауды және бейтаныс адамдардың нұсқауымен белгісіз қосымшаларды орнатпауды ескертеді.
Егер аккаунтта рұқсатсыз белсенділік байқалса, алдымен «Байланыстырылған құрылғылар» бөліміндегі күмәнді сеанстарды аяқтап, екі сатылы тексерудің PIN-кодын өзгерту қажет. Сондай-ақ аккаунттың бұзылуы мүмкін екенін байланыстағы адамдарға ескертіп, құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.
10 тамыз 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 629
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31