» » WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу»

WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу»

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді, – деп хабарлайды infobezopasnost.ru
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес (https://infobezopasnost.ru/blog/news/kiberataka-ghostpairing-pozvolyaet-moshennikam-poluchit-polnyj-dostup-k-whatsapp-bez-vzloma-parolya/, https://www.securitylab.ru/news/567291.php, https://securitymedia.org/news/list/ataka-ghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html) кибералаяқтар «WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
«WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы – «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
  • белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
  • «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларғаенгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату – әрқашан алаяқтық;
  • екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
  • аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
  • қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Бір қатенің құны – Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.
https://t.me/GenPr
08 қаңтар 2026 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 818
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930