Құрылтай
» » 10 тамыз күні ауа райы қандай болады

10 тамыз күні ауа райы қандай болады

Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде
«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 10 тамызға, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағының басым бөлігінде күн күркіреп жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында өткінші нөсер төгеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Елдің солтүстігінде күндіз дауыл соқса, солтүстік пен солтүстік-шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Қазақстанның бірқатар өңірінде аномальды ыстық ауа райы сақталады. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қостанай облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы +40…+44°C-қа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында аптап ыстық +43…+44°C-қа жетуі мүмкін. Жамбыл облысында ауа температурасы +38…+40°C, Түркістан және Қызылорда облыстарында +40…+43°C аралығында болады. Сонымен қатар Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында да +35…+43°C аралығында қатты ыстық күтіледі.
Елдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталса, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, БҚО, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Абай, Алматы және Жетісу облыстарының белгілі бір өңірлерінде төтенше өрт қаупі жарияланды.
09 тамыз 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 082

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31